Текст
17.11.2025
«Ақан Курманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ-де балалардың қауіпсіздігіне арналған прокурорлық сағат өткізілді. Мақсаты — оқушыларға күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін еске салып, қауіпті жағдайлардан сақтануға көмектесу.
Арнайы назар үйдегі қауіпсіздікке аударылды. Балалар тұрмыстық құралдарды абайлап қолдану, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және бөтен адамдарға есікті ашпау қажеттігін еске алды.
Шара аясында балаларға кез келген жағдайда көмекке жүгіну үшін жедел қызметтердің телефон нөмірлері жазылған парақшалар мен ескертпелер таратылды.