Текст
"Достық туралы сөйлесейік " - "Ақан Құрманов ауылы ЖОББ" КММ-нің 4-сыныбында қызықты диалог өтті. Достық шынымен де көптеген адамдардың өмірінің маңызды бөлігі болып табылады. Оқушылар достық деген не, досым деп атайта аламыз және кім нағыз дос екендігі туралы өз пікірлерін белсенді түрде айтты. Достық-бұл адамдар арасындағы жанашырлық, құрмет, ортақ мүдделер, рухани жақындық, өзара сүйіспеншілік пен түсіністік негізінде жеке тұрақты қарым-қатынас, нағыз достықты қарапайым серіктестіктен қалай ажыратуға болады, достық қалай қалыптасады және ол қалай дамиды – балалар өздері үшін осындай тұжырымдар жасады.