Текст
"Ақан Құрманов ауылының ЖОББМ » КММ республикалық «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты.
Мектеп мұғалімдері, қызметкерлері және мектеп парламенті бірлесе отырып, мектеп аумағы мен оған жақын жерлерді тазалауға шықты. Оқушылар белсенділік пен жауапкершілік танытып, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың жарқын үлгісін көрсетті. Мұндай акциялар өскелең ұрпақтың тазалықты сүюіне және табиғатқа қамқорлықпен қарауына тәрбиелейді.