Текст
Әдебиеттік оқу сабағы: «Ақ Бим Қарақұлақ»
"Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ-де 3-сынып оқушыларына арналған Г. Троепольскийдің «Ақ Бим Қарақұлақ» шығармасы бойынша қызықты әдебиеттік оқу сабағы өтті.
Оқушылар адал ит жайлы мейірімді әрі әсерлі әңгімемен танысып, жақсылық пен адамның үй жануарлары алдындағы жауапкершілігі туралы ой бөлісті.
Сабақта топтық жұмыс элементтері, кластер әдісі, сондай-ақ жасанды интеллект көмегімен жасалған «Иван Ивановичтің» бейнежолдауы пайдаланылды.
Сабақ соңында оқушылар Бим туралы өз әсерлерін өлең жолдарымен жеткізіп, жануарларға деген сүйіспеншілік пен мейірімді жүрек адамның нағыз адам болуына ықпал ететінін көрсетті.