Текст
26 қыркүйек күні Ақан Құрманов ауылының мектебінің кітапханасында «Еңбек адамға даңқ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрме Қазақстанда 2013 жылдан бастап қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтетін Еңбек күніне арналды.
Көрмеде түрлі мамандықтар туралы мерзімді басылымдар мен жазушылардың еңбектері қойылды.
Еңбек мәдениетін дамыта отырып, жас ұрпақты кез келген еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу арқылы біз еңбекті қадірлейтін қоғам қалыптастырамыз.
Кітапханашы: Леписа О.Э.