2025 жылғы 26 қыркүйекте «Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 3-сынып ата-аналары үшін «Қауіпсіздік – қоғамның басымдығы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Тақырыптың өзектілігі – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету отбасының, мектептің және қоғамның басты міндеті болып табылады.
Жиналыс барысында оқушылар арасында жол қауіпсіздігі ережелері мен ЖКО-ның алдын алу, өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар кезіндегі балалардың іс-әрекеттері талқыланды. Ерекше мән баланың көшеде және үйде жеке қауіпсіздігіне, киберқауіпсіздікке: интернеттегі қауіптерден қорғау жолдарына берілді.
Соңында балалардың бос уақытын бақылау, гаджеттерді қауіпсіз пайдалану және жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру бойынша практикалық ұсынымдар берілді.