Текст
2025 жылғы 20 қаңтарда" Ақан Құрманов ауылының мектебі" КММ-де Цифрлық сауаттылық және информатика апталығының ашылуы өтті. Апталық барысында ашық сабақтар мен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.
Апталықтың мақсаты – оқушылардың пәндік және пәнаралық құзыреттіліктерін дамыту, информатика және цифрлық сауаттылық пәндеріне деген оқыту мотивациясын арттыру, оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамытуға жағдай жасау және мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін көтеру.