Текст
09.12.2025
Бүгін «Ақан Құрманов ауылының ЖОББМ» КММ базасында «Қазіргі химияның пайдасы мен зияны» тақырыбында дебаттық турнир өтті.
Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, өз көзқарасын дәлелді түрде қорғау және конструктивті диалог жүргізу қабілеттерін танытты. Дебат барысында қазіргі химияның адам денсаулығына, экологияға және технологиялардың дамуына әсеріне қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.
Іс-шара оқушылардың сыни ойлауын, коммуникативтік дағдыларын және жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.