Текст
24.11.2025
24 қараша күні Ақан Құрманов ауылының мектеп кітапханасында қазақстандық ақын, жазушы және аудармашы Жүмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл толуына орай тақырыптық кітап сөресі жасақталды.
Көрмеде жазушының өмірінен қызықты деректер, оның қазақ поэзиясын дамытуға және қоғамдық қызметке қосқан үлесі көрсетілді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің сөздерін жазған ақынның есімі ел тарихына мәңгілікке жазылды. Оның өлеңдері — Отанға деген күш пен сүйіспеншіліктің символы.
Кітапханашы: Леписа О.Э.