14.11.2025
"Ақан Құрманов ауылының ЖОББМ " КММ оқушылар үшін «Қазақ хрестоматиясының» 120 жылдығына арналған танымдық сабақ өтті. Бұл хрестоматияның құрастырушысы — Ыбырай Алтынсарин.
Кітапханашы оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянымен, оның ағартушылық жолымен, хрестоматияның жазылу тарихымен және қазақ әдебиеті мен ағартушылығының дамуына қосқан үлесімен таныстырды. Балалармен бірге оның еңбексүйгіштікке, адалдыққа және білімге құштарлыққа тәрбиелейтін өсиетке толы әңгімелері мен балаларға арналған өлеңдері талқыланды.
Кітапханада «Ыбырай Алтынсаринның есімі мәңгілік» атты көрме ұйымдастырылып, онда ағартушының көркем шығармалары мен өмірі мен қызметі туралы әдебиеттер қойылды. Ыбырай Алтынсариннің мұрасы бүгінгі күні де өз құндылығын жоғалтқан жоқ және әлі де зор қызығушылық тудырады.
Кітапханашы: Леписа О.Э.
