Текст
Ақан Құрманов ауылының мектеп кітапханасында кеңестік геолог - ғалым, академик және Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа арналған «Мен-елдің ұлымын» атты қызықты деректермен көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты-тұңғыш қазақ-геолог, академик Қ.И. Сәтбаевтың өмірімен және қызметімен таныстыру, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушының ғылыми мұрасын насихаттау және сақтау, ел дамуына елеулі үлес қосқан ғалымның белгілі тұлғасына оқырмандардың назарын аудару.