Текст
2024 жылғы 5 наурызда "Ақан Құрманов ауылының ЖББМ" КММ әкімшілігі "Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі" ММ басшысы Н. Наймушина өткізген кеңеске қатысты. Кеңесте педагогтерді аттестаттау қағидаларының жобасындағы өзгерістерге толық түсіндірме берілді. Кеңеске білім министрлігінің өкілі - М. Тоқашева және "Өрлеу" Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры А. Иманова қатысып, аттестаттаудың жаңа ережелері туралы сұрақтарға жауап берді.