2024 жылғы 25 қаңтарда Атбасар қаласында № 3 жалпы білім беретін мектеп базасында облыстық білім беру қызметкерлері кәсіподағының бастамасымен "Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек дауларында консенсусқа қол жеткізу бойынша келісім комиссиясының мүшелерін оқыту" тақырыбы бойынша семинар-кеңес өткізілді. Семинарға мектептің кәсіподақ ұйымының төрағасы С. Н. Исабекова және мұғалім Е. В. Герасименко қатысты.
Семинар модераторы - Ақмола облысының білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Бейсенбай Қадырұлы Әбдірахманов қатысушыларды семинардың мақсаты мен бағдарламасымен таныстырып, дәріскерлерді таныстырды.
Семинар лекторлары-білім беру, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының құқықтық жұмыс, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бөлімінің бас маманы Айдарбек Жасланұлы Бектабанов пен Гүлзат Базарқызы Бралина, білім беру, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының құқықтық жұмыс, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бөлімінің жетекші маманы келісім комиссиясының жұмысы туралы толықт ақпарат ұсынды.