«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесе.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акана Курманова отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ОТЧЕТ публичные обсуждения

28.02.2023

"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Ақан Құрманов ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін "мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

Ақан Құрманов ауылының жалпы білім беретін мектебі мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді. Әрбір қызметке мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілді, онда қызмет көрсетудің тәртібі, мерзімдері, тәсілдері және құжаттар тізбесі жазылады. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.

 2022 жылы Ақан Құрманов ауылының жалпы білім беретін мектебімен барлығы 36 қызмет көрсетілді, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы - 0, электрондық нұсқада – 16 , қағаз нұсқада-20.

2021 жылы барлығы 41 қызмет көрсетілді, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы - 2, электрондық нұсқада - 30, қағаз түрінде

 Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

 

* Бастауыш, негізгі, орта, жалпы білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау;

* Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау;

* Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау.

 Мектепте ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

 2022 жылы көрсетілетін қызметті алушылардан мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ.

 

Просмотров: 205


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст