7 қараша күні « Ақан Құрманов ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ, 10 сыныпта «Біз - Қазақстан халқымыз» атты іс-шара өтті. Оқушылар Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен және ұлттық тағамдарымен, фольклорымен танысты. Шараның мақсаты – оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өз халқына деген мақтаныш сезімін, өзге ұлттардың мәдени мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Дәстүр мен әдет – ғұрып – ұлттың болмысының көрінісі, оның қалай өмір сүріп жатқанының, не ойлайтынының, неге сенетінінің көрсеткіші.
Өзің көрші тұратын халықтың салт-дәстүрін білу – осы халыққа деген құрмет, оларға жақын болуға деген ұмтылыс. Ғасырлар бойы болғандай достықта, махаббатта, өзара түсіністікте өмір сүрейік. Бір-біріміздің салт-дәстүрімізді үйренейік, құрметтейік.
Сынып жетекшісі: Леписа О.Э.