28.10.2025
        Педагог-психологтың ұсынымдары: күзгі каникул кезінде бала жақсылап демалып, мүмкіндігінше көп жарқын әсерлер мен естеліктер жинауы қажет.
«Каникул — бұл балалардың оқу әрекетінен тыс нәрселер туралы ойланып, қайта күш жинауына арналған ерекше уақыт. Каникул кезінде баланың демалып, жарқын әсерлер мен есте қаларлық естеліктерге бөленуі өте маңызды. Бұл әсерлер қиын сәттерде оған өзіндік қолдау болады. Мектепте түрлі жағдайлар кездеседі: сәтсіздіктер, бақылау жұмыстарындағы қиындықтар, бағаларға, сыныптастармен немесе мұғалімдермен қарым-қатынасқа байланысты мәселелер. Ал бала жағымды эмоциялар мен әсерлерге толы болған кезде, ол күйзеліске төзімдірек болып, мұндай қиындықтарды әлдеқайда жеңіл еңсереді.»
Құрметті ата-аналар!
Бүгінде балаңыздың психологиялық және физикалық саулығы өз қолдарыңызда.
Оған өз денсаулығын бағалап, қорғауға көмектесіңіздер!
Сау болыңыздар! Жақсы демалыс тілейміз!