Текст
2025 жылдың 16 қыркүйегінде" Ақан Құраманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі КММ 3-сынып оқушылары Қауіпсіздік сабақтары аясында Жол қозғалысы ережелері бойынша танымдық ойынға қатысты.
Ойынның мақсаты – оқушылардың жол қозғалысы ережелері туралы білімдерін бекіту және көшеде қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларын қалыптастыру болды.
Оқушылар сайыстарға белсенді қатысып, жол ережелері бойынша жақсы білімдерін және оларды ойын жағдайларында қолдана алу қабілеттерін көрсетті.
Ойын қызықты өтті, балаларға жол қозғалысы ережелерін білу және сақтау – олардың қауіпсіздігінің кепілі екеніне тағы бір мәрте көз жеткізуге мүмкіндік берді.