Құрметті ата-аналар!
Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!
Біз сіздермен балаларымыздың әл-ауқаты, қауіпсіздігі, кез келген жағдайдан шығудың жолы бар екенін және жақын жандардың көмегі туралы әңгімемізді жалғастырамыз.
Жақсы психикалық денсаулық – әрбір адам үшін маңызды. Бұл дене саулығы сияқты, сіздің және балаңыздың өмір сапасы үшін аса қажет.
Бала өмірлік мәселелерді шешуге қажетті дағдыларға ие болған кезде – бұл үлкен жетістік.
Ата-ана ретінде сіз балаңыздың психикалық саулығына тікелей әсер ете аласыз:
Сіз сөздеріңізбен және әрекеттеріңізбен, сондай-ақ үйде қалыптастыратын қауіпсіз әрі жағымды орта арқылы психикалық денсаулықты нығайта аласыз
Балалардың қамқор қарым-қатынастар орнатуына көмектесе аласыз
Баланың өзін-өзі бағалауын дамытуына, өзіне сенімді болуына ықпал ете аласыз
Олардың сезімдерін тыңдап, құрметтей аласыз...
Өзіңізге және балаңызға қалай көмектесе аласыз?
"Ақмола облысы білім басқармасының "Психологиялық қолдау көрсету орталығы" КММ – нің сенім телефоны 24/7
Байланыс орталығы "111"
Құрметті ата-аналар!
Егер сұрақтарыңыз болса немесе көмек қажет болса, менімен төмендегі байланыс нөмірі арқылы хабарласа аласыз:
Мектептің педагог-психологы Қостұбаева Динара Берікболқызы
Тел.: 8 705 465 32 99 (WhatsApp)