Текст
15.09.2025
15 қыркүйек күні «Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-де ҚР халықтарының тілдері апталығына арналған апталық аясында 6–7 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен «The World of Emotions» тақырыбында сабақ өткізілді.
Сабақта оқушылар эмоциялар тақырыбына қатысты лексикамен танысты, жаңа сөздерді үйренді, оларды ауызша және жазбаша сөйлеуде белсенді пайдаланды, сөйлем құрастырды, монологтық сөйлеу дағдыларын дамытты.
Шығармашылық тәсіл арқасында оқушылар тек сөздік қорларын кеңейтпей, сонымен қатар ағылшын тілінде өз эмоцияларын жақсырақ түсініп, білдіруді үйренді. Сабақ жылы, достық атмосферада өтті, ол тиімді оқытуға және коммуникациялық дағдыларды дамытуға септігін тигізді.
Галимова И. Г.