Текст
Бүгін, 20 тамыз күні Ақан Құрманов ауылының шағын орталықта «Менің сүйікті ертегі кейіпкерім» тақырыбында күн өтті. Шараның басты мақсаты – балаларды ертегілер әлеміне баулу болды. Себебі дәл осы ертегі арқылы балалар алғаш рет жақсылық пен жамандық, не дұрыс, не бұрыс екенін ұғына бастайды. Бұл күні балалар үлкен қуанышпен қозғалмалы және сюжеттік-рөлдік ойындар ойнады, мультфильмдер тамашаланды, сондай-ақ «Чебурашка» атты аппликация жасап шығарды.