Текст
Қуыршақ театры баланың тұлға болып қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Ол балаларға көп қуаныш сыйлайды. Бүгін, 18 тамыз күні, шағын-орталықтың балалары осы театрдың бір бөлігіне айналды. Балалар белсенді түрде әрекетке араласып, қуыршақтардың сұрақтарына жауап беріп, олардың тапсырмаларын қуана орындады. "Үлкен көлеңкені, кіші көлеңкені тап", "Көлеңкені сана" ойындарын ойнады. Соңында "Үш аю" ертегісін тыңдады.