Текст
2000 жылғы мектеп түлектеріне алғыс
Мектеп әкімшілігі 2000 жылғы түлектерге туған мектебіне көрсеткен ілтипаты мен қамқорлығы үшін шын жүректен алғыс білдіреді.
Сіздердің бастамаларыңызбен мектеп ауласына егілген шыршалар бүгінгі күні көркем көрініс беріп, оқушылар мен мұғалімдерге, қонақтарға қуаныш сыйлауда.
Туған ұямен байланысты үзбей, оған жанашыр болу – сіздердің өнегелі қадамдарыңыз. Бұл игі іс кейінгі ұрпаққа үлгі болмақ.
Сіздерге зор денсаулық, табыс және өмірлеріңізде тек сәттіліктер тілейміз!
Ізгі тілекпен,
Мектеп әкімшілігі