Текст
12 тамыз күні Ақан Құраманов ауылының шағын-орталықтың балалары "Менің сенімді достарым" жобасына қатысты. Балалар иллюстрацияларды қарап, "Мұртты-жолақты", "Күшік" атты шығармалармен танысты. "Жануарды сипатта", "Мейірімді сөз" ойындарын ойнады. Сүйікті үй жануарларының мінез-құлқы, немен қоректенетіні, қалай қозғалатыны, қандай дыбыс шығаратыны туралы білімдерін бекітті. Соңында балаларға сүйікті достары бейнеленген бояу кітапшалары таратылды.