Текст
Бүгін А. Құрманов ауылының жалпы білім беретін мектебі жанындағы «Былғары доп» аула клубында мини-футболдан жаттығу өтті. Мұндай жаттығулар денсаулыққа зор пайда әкеледі: төзімділікті арттырады, қимыл-қозғалыс үйлесімін жақсартады, көңіл-күй мен ұйқыға оң әсер етеді.
Заманауи тәсілдердің арқасында жаттығулар мазмұнды әрі қызықты өтуде. Мұндай сабақтар балаларды ұйымшыл команда болуға, өзара қолдау көрсетуге және тәртіпке үйретеді.
Жұмыс жалғасуда — күн сайын мықтырақ, сенімдірек болып келеміз!