17 шілде күні мектеп жанындағы алаңда Табиғат күні өтті.
Іс-шараның мақсаты:
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікті ояту, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ балалардың таза ауада белсенді әрі танымдық демалысын ұйымдастыру.
Табиғат күні «Денсаулық минутынан» басталды. Бұл бөлімде балаларға табиғат аясындағы тәртіп ережелері мен қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы еске салынды. Сонымен қатар жәндіктер шаққанда алғашқы көмек көрсету туралы әңгіме және жануарлар мен өсімдіктер туралы экологиялық викторина өткізілді.
Экологиялық эстафета – экологиялық тапсырмалар элементтерімен өткізілген спорттық жарыс болды. Балалар қауіпсіздік ережелерін «Смешарики» мультфильмінің кейіпкерлерімен бірге қайталады.
Табиғат күні көңілді, мазмұнды және пайдалы өтті. Балалар белсенділік пен бастамашылдық танытты. Іс-шараға қатысушылар табиғат және оны қорғау жолдары туралы білімдерін кеңейтті.