Текст
Лагерьдің 4-ауысымы жұмысын жалғастыруда. Бүгін – Жаңашылдар күні. Таңертең балалар таңғы жаттығу жасады. Одан кейін Лего конструкторынан түрлі инновациялық модельдер құрастыру бойынша жарыстар өтті. Бұл іс-шара балалардың инженерлік шығармашылық қабілеттерін, кеңістіктік ойлауын дамытуға, сондай-ақ топпен жұмыс істеу және қарым-қатынас жасау дағдыларын нығайтуға ықпал етті. Балалар мектеп ауласындағы қауіпсіздік техникасы ережелерін және лагердегі ауысым ережелерін қайта еске түсірді. Күн көңілді де қызықты өтті, соңында таза ауада спорттық ойындармен аяқталды.