«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесе.
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акана Курманова отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ақан Құрманов ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің жазғы мектеп жанындағы лагерьде Мейірімділік күні өтті.

15.07.2025

2025 жылғы 15 шілдеде  "Ақан Құрманов ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің  жазғы мектеп жанындағы лагерьде Мейірімділік күні өтті.
Іс-шараның мақсаты — балалардың назарын мейірімділікке, өзара көмекке және ынтымақтастыққа аудару, ойындар мен жұмбақтар арқылы олардың командалық рухын және шығармашылық ойлауын дамыту
Осы күні лагерьде мейірімділік тақырыбында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды: ойындар, ребустар, сайыстар.
"Мейірімді шеңбер" ойыны — балалар кезекпен өздерінің жасаған жақсы істері туралы айтып, бір-бірін қолдап отырды.
"Жақсылық іздеген достар" ойыны — балалар бір-біріне қиын сәттерде көмектесу, үлкендерге қолғабыс көрсету сияқты ізгі істерге арналған тапсырмаларды орындады.
"Мейірімділік құпиясы" атты интеллектуалдық ойын — бұл ойын бірқатар ребустардан тұрды, оларды шешу арқылы балалар күннің басты құндылықтарын тапты.
Барлық балалар ойындар мен сайыстарға белсенді әрі үлкен қызығушылықпен қатысты. Олардың көбісі достарына тек ойын барысында ғана емес, шынайы өмірде де көмектесуге ынталы болды.
Мейірімділік күні балаларға ойындар мен тапсырмалар арқылы өз мейірімділіктерін көрсетуге ғана емес, сонымен қатар достық пен бірлікті нығайтуға мүмкіндік берді.

Просмотров: 17


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст