Текст
«А. Курманов ауылының ЖОББМ »КММ-де қайтадан доптың соққысы естіледі — «Былғары доп» аула клубы өз жұмысын жалғастыруда! Мұнда балалар тек аулада доп теуіп қана қоймай, қазіргі заманғы футбол тәсілдерін үйренеді, допты жүргізу мен пас беруді шыңдайды, әр апта сайын өтетін аудандық жарыстарға дайындалады. Команда өсіп келеді және әр матч сайын күшейіп жатыр!