Бүгінгі күн – қазақ тілі мектебінің екінші күні. Біз «Сөз әлеміне саяхат» тақырыбы аясында қазақ тілінің бай қазынасына, оның көркем сөз өнеріне, мақал-мәтелдер мен жыр-дастандарға терең бойлаймыз.
Қазақ халқы үшін сөз киелі. Әрбір сөз – жүректен шыққан үн, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен аманат. Тіл арқылы тарихымызды, мәдениетімізді, болмысымызды танып білеміз.
Бүгінгі күннің ерекшелігі – бұл тек тілге ғана емес, қазақтың қасиетті аспабы – домбыраға арналған мерекелік күн. Шілденің бірінші жексенбісі – Ұлттық домбыра күні болып атап өтіледі.
Домбыра – қазақ халқының жан серігі. Ол — шежіре, ол — сырлас, ол — ұлт рухының үні. Күй өнері арқылы ата-бабамыздың ерлігі, даналығы, махаббаты мен арманы ұрпаққа жеткен. Күй – сөзсіз сөйлейтін тіл.
Бүгінгі бағдарламада:
Қазақтың көркем сөз өнерімен танысу
Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді қолдану жаттығулары
«Күй тыңдау – рухани тазару» музыкалық сәті
Домбыра туралы танымдық ақпарат
Домбырамен күй шалу ( бейнежазба)
Тілдік ойындар мен шығармашылық тапсырмалар белсенді орындады.