Текст
Бүгін, 2025 жылдың 2 шілдесінде, біздің мектеп жанындағы лагерьде белсенді де қызықты күн болды. Күн сергек те көңілді таңғы жаттығудан басталды. Балалар қуана-қуана қимылдарды қайталап, күлкі мен көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.
Домбыра күніне арналған мереке қарсаңында біз балалармен бірге "Домбыра – халқымның жүрегі" атты сурет байқауын өткіздік.
Күн белсенді және қимыл-қозғалысқа толы ашық ауадағы ойындармен аяқталды.