Бүгін, 2025 жылдың 25 маусымында, " Ақан Құрманова ауылының ЖОББМ " КММ-нің жанындағы шағын-орталықта "Өрт сөндіруші мамандығымен танысу" атты ұйымдастырылған іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – балаларға өрт сөндіруші мамандығы туралы білімдерін кеңейту, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы түсініктерін дамыту, жауапкершілік, қамқорлық және жанашырлық сезімдерін тәрбиелеу. Сонымен қатар, аппликация арқылы ұсақ моториканы, қиялды, ұқыптылықты дамыту. Өрт сөндіруші мамандығына деген құрметті қалыптастыру. Ұйымдастырылған іс-шара барысында балалар өрт сөндіруші мамандығымен танысып, өрт сөндірушілер кімдер, олар не үшін қажет, қандай киім киеді, қандай көлік пайдаланады деген сұрақтарға жауап тапты. Өрт қауіпсіздігі ережелерін (жасырынып қалмау, үлкендерді шақыру, 101-ге қоңырау шалу) үйренді. Аппликация процесінде олар мысыққа деген жанашырлық пен қамқорлықты білдіруді үйреніп, "Мысық үйі" атты бұйым жасауды меңгерді.