Текст
2025 жылдың 25 маусымында" Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нің мектеп жанындағы алаңында «Тосынсыйлар күні» өтті.
Мақсаты – балалардың бос уақытын көңілді әрі мазмұнды өткізу, жағымды эмоциялық атмосфера қалыптастыру және жаңа, жарқын әсерлермен байыту.
Іс-шара барысында «Неге оларды солай атаған?» атты құстар туралы викторина ұйымдастырылды. Сонымен қатар балалар қазына іздеп, тәтті тосынсыйлар алды. Күн белсенді ойындармен және көтеріңкі көңіл күймен аяқталды.