Текст
2025 жылғы 18 маусымда "Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің мектеп алаңында «Әлемде ойын көп» атты қызықты да мазмұнды күн өтті.
Спорттық-ертегі эстафеталары — бұл ертегі мен халық әңгімелерінің сюжетіне негізделген ойын түріндегі дене шынықтыру сайыстары. Балалар кедергілерден өтіп, ойын тапсырмаларын орындайды, командалық жарыстарға қатыса отырып, ертегі кейіпкерлеріне көмектесіп, ойын арқылы түрлі тапсырмаларды шешеді. Іс-шара барысында жолда жүру ережелеріне және демалыс кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтауға ерекше көңіл бөлінді.