Текст
2025 жылғы 16 маусымда "Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ-нің мектеп жанындағы алаңында "Жасыл планета" атты екінші ауысым басталды. Ауысым жазғы демалыс кезінде балалардың ұйымдасқан демалысы мен сауықтырылуына арналмақ. Бағдарламаның мақсаты – балалардың физикалық, рухани-адамгершілік және эмоционалдық дамуына қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Бүгін "Жасыл планета" атты сурет байқауы өтті. Балалар қызығушылықпен сурет салып, топтарының атауларын ойлап тауып, эмблемаларын бейнеледі. Спорт алаңында әртүрлі ойындар ойнады. Ауысым қызықты өтеді деп күтілуде.