Текст
2025 жылғы 13 маусымда Ақан Құрманов ауылының жалпы орта мектебінде ағылшын тілі лингвистикалық мектебі өз жұмысын жалғастырды.
Бүгінгі күн әңгімелер оқуға арналды. Оқушылар ағылшын тіліндегі қысқа әңгімелермен қызыға танысып, оқу, дұрыс айту және мәтінді түсіну дағдыларын дамытты. Оқудан кейін оқушылар өз ойларымен бөлісіп, ағылшын тілінде пікір білдіруді үйреніп, сөздік қорларын кеңейтті. Күн қызықты әрі танымды өтті!