Текст
12 маусым күні "Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" КММ ағылшын тілі бойынша лингвистикалық мектеп өз жұмысын жалғастырды.
Бүгінгі күн қызықты әрі пайдалы іс-шараларға толы болды. Оқушылар үлкен қызығушылықпен пазлдар құрастырып, бұл олардың логикалық ойлауын және көру қабілеті арқылы есте сақтауын дамытуға септігін тигізді. Сонымен қатар, балалар интерактивті Learning Apps қосымшасында ағылшын тілі лексикасымен белсенді жұмыс жасап, сөздік қорын ойын түрінде кеңейтті.