Бүгін, 2025 жылдың 12 маусымы күні, "Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ жанындағы шағын орталықтың тәрбиеленушілері "Біздің керемет саябағымыз" атты ұйымдастырылған іс-әрекет барысында шағын орталық аумағында және оның маңайында өсетін ағаштармен танысты. Іс-шараның мақсаты — балаларға саябақтағы және оның айналасындағы өсімдіктер дүниесі туралы білім қалыптастыру.
Балалар ағаштар мен бұталардың негізгі айырмашылықтарын танып білді. "Ағаш пазлын жина" атты ойын түрінде олардың атауларын есте сақтауға үйренді. Өздерінің суреттерінде ұнаған ағашты бейнеледі. Серуен кезінде саябақта өсетін ағаштардың атауларын бекітті.
Жиналған табиғи материалдардан (ұсақ шөптер, әртүрлі жапырақтар мен гүлдер) балалар білезік түрінде әшекей жасауды үйренді. Олар әдемі, қызықты және ерекше болып шықты. Саябаққа жасалған экскурсия балалардың табиғатқа деген қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін және қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдыларын дамытуға ықпал етті.