Текст
2 маусым күні «Ақан Құрманов ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ аумағында жарқын әрі мазмұнды іс-шара – мектеп жанындағы алаңның ашылуы өтті! Оқушылар топтарға бөлініп, әр топ өзіне атау мен ұран ойлап тауып, постер әзірлеп, оны басқа қатысушыларға таныстырды.
Балалар ойындар мен байқауларға, спорттық эстафеталарға белсенді қатысып, ұйымшылдықтарын, креативтіліктерін және командамен жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті. Мектеп аумағы жайлы, шығармашылыққа және көңілді қарым-қатынасқа арналған кең демалыс орнына айналды.
Бұл ауысым балаларға жаңа әсерлер, достар және жарқын эмоциялар сыйласын!